avatar

Мәзір: "Шуба" салаты
Жарияланды Салат

Қыс мезгілін шығарып салып, көктемге аяқ басқан сәт. Осы кезді пайдаланып біраз адам үстіндегі тонын (шуба) шешіп тастаған да болар. Сол себепті сайтта да қыс мезгілін «Шуба» салатымен шығарып салайық. Ал, бастадық…

Құрамы:
  • 3-4 дана картоп;
  • 2-3 дана сәбіз;
  • консервідегі балық;
  • 1-2 дана қызылша;
  • майонез.

Түртіп қой: көкөністерді суда пісіріп алып, суытып қоямыз және олардың саны көлеміне байланысты аламыз.


Дайындалуы:
Салатты әзірлейтін тәрелкемізді дайындап, консервідегі балықты ыдыс көлеміне толықтай жайып шығамыз.


Одан кейінгі қабат — үккіштен өткен картоп. Картопты балықтың үстін толық жабатындай жайып, үстіне майонез құямыз.


Ендігі кезек — үккіштен өткен сәбізде. Оны да картоп бетін жабатындай етіп қойып, үстіне жұқалап майонез құямыз.


Соңғы қабат үккіштен өткізілген қызылша болмақ. Салат бетін қызылшамен көмкеріп, үстіне сәндеп майонез құямыз. Салат дайын!


Кеңес: әр қабатты тәрелке көлеміне жаярда шанышқыны пайдаланған жөн. Сол кезде салат қабаты да биік болып шығады.
Ас болсын! :)

1 пікірлер

avatar
Мен жақсы көрем осы салатты, тек селедкамен)) Келе жатқан мерекеңмен, дос!