avatar

"Футбол" салаты
Жарияланды Салат

Өзімнің Барсафандық екенімді ескере түсіп, алдарыңызға «Футбол» салатын ұсынбақпын. Қабыл алыңыздар! Іске кірісейік. Тазалықтан бастаймыз.

Бізге керекті: * Консервідегі тунец в масле (немесе сайры, горбушки) 180 гр * Пісірілген картоп 400гр * Қызанақ 350 гр * Жұмыртқа 2 түйір * Пияз (жуа) * тұз * майонез
Сәндеу үшін: * Жұмырқаның ағы 3 түйір * Маслина * Ақ желкен (аскөк)
*
*
*
*
*
*
*
Дайындау үлгісі: Балықты шанышқымен майдалаймыз (майынан аздап құямыз):

Қызанақты майда кубик етіп тураймыз:

Картопты қабығынан аршып, майда кубик етіп турмаймыз:

Пісірілген жұмыртқаны көзі ірі өткізгіштен өткіземіз:

Пиязды (жуа) майдалап тураймыз:

Балықты, қызанақты, картопты, жұмыртқаны, пиязды (жуа) араластырып, дәміне қарай аздап тұздаймыз:

Майонезді қосып, араластырамыз:

Дайын болған салатты жәйпек тәрелкенің ортасына үйіп қоямыз. Үш жұмыртқаның ағын (ішіндегі сарысын салатқа қосып жіберуге болады) майда өткізгіштен өткізіп, салат үстін қамтып шығамыз. Маслинамен доп үлгісінде бес бұрышты етіп сәндейміз де, көк шөптерді майдалап турап, тәрелке айналасына жайып шығамыз.
Салатымыз дайын:

Астарыңыз дәмді болсын!
Пы/сы: Пост «Айтабер» сайтынан ұрланып, салынды )))
    Мәзір ұнады ма? Достарыңмен бөліссең ше?

0 пікірлер