avatar

Көк қызанақ салаты
Жарияланды Қыстың қамын жаз ойла

Сәлем, жолдастар!
Әне-міне дегенше қыс та қылышын сүйреп келеді. Оңтүстік өңіріне қыс кеш түсетіндіктен күздің орта шенінде соңғы піскен көкөніс, астықтарын жинап жатады. Қызанақ қызған күннің арқасында қызаратындықтан, күн суй келе біршама бөлігі көк күйінде қалып кетеді. Жоқтан бар жасау адамзатқа ғана берілген мүмкіндік болар-ау, сол көк көкөністен қысқа салат жауып алсаңыз болады. Көк қызанақтан жасалынған салатты дайындау үшін бізге керек өнімдер: 5 кг көк қызанақ, 1,5 кг сәбіз, 1 кг тәтті болгар бұрышы, 300 гр сарымсақ, тұз, шекер, дөңгелек қара бұрыш, 3-4 дана лавр жапырағы, сірке суы, 200 гр өсімдік майы, аскөк; Ең алдымен қызанақтарды тазалап жуып, майдалап турайсыз:


Сарымсақ тез ашылу үшін оны суға салып қойыңыз. Сосын аршып, турайсыз:


Болгар бұрышын тазалап, турайсыз:


Енді үлкендеу шараға сірке суынан басқасының бәрін араластырамыз:

Одан соң отқа қоямыз. Қыстық салат болғандықтан көп қайнатудың қажеті жоқ, шамамен 5-10 минуттай ғана қайнатып, оттан түсіріңіз:

Банкаларды залалсыздандырып, ыстықтай салатты салыңыз. Салып болғаннан соң ең үстіне 1 ас қасық көлемінде сірке суын құйыңыз. Сірке суы жабылған банканың атылып, яки салаттың ашып кетпеуіне жағдай жасайды:

Асыңыз дәмді болғай!

2 пікір

avatar
Korkem rahmet myna receptke, osy quyrdaq siaqty quyryp, etpen banka jabady goi, sony qalai jasaitynyn bilmeisin be?
avatar
Жоға, білмейді екенмін. Ондай ғажайыпқа кез болып жатсам, міндетті түрде бөлісетін боламын))