avatar

Баялды икрасы
Жарияланды Қыстың қамын жаз ойла

Иә, баялды. Бір кездері бір сайтта кабачоктың қазақшасы кәді дегенге келіспей дауласқаным бар, сөйтсем қателесіппін. Баклажан — баялды! Әдемі естіледі, Ә! Ендеше сол баялдымен қысқа дайындық жасайық, дұрысы түскі асқа арнайық)
Ол үшін бізге:


Баялды 0,5 кг Сәбіз 2 дана (орташа) Пияз 1 дана Болгар бұрышы 1-2 дана Қызанақ 1-1,5 кг Сарымсақ 6-7 дана Ащы келімдәрі Аскөктер Лавр жапырағы 2-3 дана Қара бұрыш Тұз Өсімдік майы...
*
*
*
*
*
*
*
*
*
Дайындау әдісі: Баялдыны суреттегідей тураймыз және пиязды, болгар бұрышын, сәбізді, сарымсақты, қызанақты да солай турап аламы:

Өсімдік майында қуырамыз:

Бөлек ыдысқа алдымен сәбізді үстінен пиязды, қызанақты, болгар бұрышын салып қуырамыз:



Шамалы қуырып, үстінен лавр жапырағы, тұз, бұрыш, ащы келімдәрі мен аскөктерді саламыз:

20 минут бұқтырып қойып, үстінен қуырып қойған баялдымызды саламыз:

45-60 минут шамасында баялды икрамыз дайын болады:

Банкаға жауып тастасаңыз, қысты күні өкінбейсіз:

Дайын болған баялды икрасы:

Асыңыз дәмді болсын!
Пост өзге тілден аударылған.

0 пікірлер