avatar

Қуырылған вермишель
Жарияланды Екінші ас мәзірлері

Қуырылған вермишельді көп жағдайда оңай болғаны үшін дайындалады. Сондай-ақ, біздің елде бұл мәзір «студенттердің тағамы» ретінде кеңінен танымал.))

Қуырылған вермишель құрамына:
* вермишель (майдасы) — 700 гр;
* ет (қой, жылқы, сиыр) — 400 гр;
* орташа картоп — 3 дана;
* сәбіз — 1 дана;
* пияз — 1 дана;
* өсімдік майы;
* тұз — дәміне қарай;

Ең алдымен вермишельді қазанға бір ас қасықтай май құйып, қызарғанша қуырамыз:


Вермишельді ара арасында араластыра отырып, етті жақсылап жуып, тураймыз:


Картоп, сәбіз, пиязды аршып, тазартып, тураймыз:



Қызара қуырылған вершишельді бөлек ыдысқа салып аламыз:


Қазанға бір ожау май құйып, етті қызарғанша, шамамен 10 минуттай қуырамыз:


Үстінен пиязды салып, алтын түске енгенше қуырамыз:


Одан кейін картоп пен сәбізді. Араластырамыз:


Көкөністерді көр қуырудың керегі жоқ, көп қуырылса дәмі өзінде қалып қояды. Үстінен бір елі асатындай су құйып, бетін жауып 10 минут немесе ет піскенше қайнатамыз:


Одан соң вермишельді саламыз, су бетін жабуы керек, суы аздық етіп тұрса қайнаған су құюға болады:


Бетін жауып 2-4 минут аралығында бұқтырамыз. Жетіп жатыр! Вермишел демде піседі:


Астын өшіріп, араластырып, бетін 2 минутқа жаба тұрсаңыз болады:


Дастарханға ыстықтай ұсыныңыз:


Ас болсын!

3 пікір

avatar
Хехе :)) Бұрындары Ерболдың айтаберде осыны жасап, видео ұсынғаны еске түсіп кетті.
avatar
Фирменный тамағымыз осығо)Тойып ішіп аласың, 4 пардан келгенде))