avatar

Картоп қуыру
Жарияланды Екінші ас мәзірлері

Қош көрдік!
Қартоп қуыру — біздер, яғни нәзік жандылар үшін қаншалықты оңай дүние болса, ер адамдар, әсіресе бойдақтар үшін соншалықты қиын дүние болып табылады екен. )) Сондықтан бүгіндікке картоп қуырып үйренеміз.

Керек ингредиенттер: Оншақты орташа картоп (қалауыңыз бойыншы), пияз (жуа), қой еті (сиыр, тауық, жылқы), өсімдік майы, тұз:


Картопты, пиязды аршып, тазалап жуып алу керек:


Етті де міндетті түрде тазалап жуып аламыз. Тез пісуі үшін майдалап тураймыз:


картоп пен пиязды да турап аламыз:


Қазанды алдын ала отқа қойып (май қызғанша қатты, қызған соң орташа отта), бір ожау май қүйып қыздырып қоямыз. Етті саламыз, шамамен 10 минуттай қуыру керек:


Одан кейін пиязды салып, алтын түске енгенше қуырамыз:


Одан соң картопты салып, тұздап, жақсылап араластырамыз:


Ара арасында араластыра отырып 20 минуттай қуырамыз. Одан кейін 1 пиала су құйып, бетін жауып бұқтырып қоямыз. Бұқтыру дегеніміз — су құйғаннан кейін ол қайнаған соң астып баяулатып, бетін жауып қою деген сөз. Тек картопта судың қайнағанын күтіп керек емес, бір ғана пиала болғандықтан демде қайнайды, сондықтан суды құя сала, астын баяулатып, бетін жауып, 15 минуттай бұқтырамыз.

Дайын болған картоп:

Ас болсын!

1 пікірлер

avatar
Миәссаған, өткенде ғана асмәзірі чатында сұраған едім осының мәзірін, рахмет :))