avatar

Бұқтырма немесе қазақпайский дімләмә
Жарияланды Екінші ас мәзірлері

Баршаңызға сәлем!  
Дімләмә дегенде көзіңізге кәдімге өзбектің дімләмәсы елестейтін болар?! Біз кішкентайымыздан дімләмәны қазір жариялайтын мәзір ретінде көрдік. Негізі бұқтырма деп аталса керек. Жалпы, бұл мәзірді көпшілік біле бермейтін болып шықты. Бәрі таңданыспен қарайды. Оңтүстікке ғана тиесілі дей алмаймын, біздің үйге ғана десем))) дегенімен білетіндер баршылық болар?  

"Қазақпайский" дімләмә үшін керек өнімдер:  5-6 картоп, 2-3 пияз, өсімдік майы, тұз, үш зуала қамыр.
 Жасалу нұсқасы:
 Ең алдымен қамырды жайып, оны біраз кебу үшін жайып қойыңыз:
                                 

Енді қазанға май құямыз. Әр зуала үшін бір ожау құю керек, бізде үш зуалаға үш ожау май.
Бұл тағамның негізі осы май көлеміне байланысты ал бір зуала қамырға үш-ақ адам тоюы мүмкін.
Майға картопты, пиязды қызарта қуырамыз. Қызарғаннан кейін бір пиала су құйып, отты пәсейтеміз де, бетін жауып қоямыз. Осылайша 10 минут турады: 
                                 

Енді жайылған қамырды тураймыз:
                                

                                


 Сәйкесінше бір ыдысқа салып аламыз да, қазан бетіне себелей салып шығаыз. Осы қалпында бетін жауып қойып, 20 минут бұқтырамыз:
                                

                                 

                                 

Одан кейін шанышқымен мұқият араларын ашып, кішкене араластыру керек. Астын кәкпірмен бір-екі қозғап қойыңыз да қайта бетін жабамыз:
                                 

                                 

Осылайша 10 минуттай тұрғаннан кейін, араластырып, түсіріп жей беруге болады. Айтпақшы, ішіндегі пиязды алып тастауды ұмытпау керек:
                                

                                

Ас болсын!
Пы/сы: Мұндай асты жеп көріп пе едіңіз?

7 пікірлер

avatar
Жоқ, шынында көрмеген екенмін.
avatar
Ұнайды деп ойлаймын))
avatar
Осындайларды көбірек шығари, мұндайды уаще көрмеппін. Сосын Шымкентте бір сорпа тамақ дайындайды ғой, бұрында ауызашарға көмекке барғаныңда сол сорпаны түсіріп алғансың, атын ұмытып отырмын. Соны да жасап көрсетші, қалай болатынын? :)))

П.С. Іздеп келдім, нарын деп аталады екен :)))
avatar
Иә, оны да жақында салмақпын немесе өз уақытында ма салам дегем. Міндетті түрде болады ол! ))