avatar

Флот макароны
Жарияланды Екінші ас мәзірлері

Аталмыш мәзір теңізшілер мен саяхатшылар үшін таптырмайтын ас ретінде орта ғасырда-ақ танымал болып үлгерген. Керек өнімдері сақтауға түрарлық әрі қол жетімді болғандықтан болар «флот» тағамдары ретінде менюге енген. Жасалу жолы оңай, саяхатшылар асы аталған мәзір негізі теңіз өнімдерімен жасалынады.

Нағыз «флот макароны» фаршпен және ірі, турба секілді макаронмен дайындалады. Өкінішке орай, менде бары спагетти. Сондықтан барымен базар етіп, спагеттимен дайындамақпын. Оның үстіне спагеттимен дайындалған флот макароны тағамым өте дәмді болып шықты.

Керек өнімдер:
* фарш — 1 келі;
* сәбіз — 2 дана;
* пияз — 1 дана;
* сарымсақ — 4-5 бас;
* қызанақ (томат пастасы) — 1 дана;
* өсімдік майы — қуыру үшін;
* тәтті болгар бүрышы — 2 бас;
* дәміне қарай тұз, бұрыш; (дәмдеуіштер пайдалансаңыз да болады)
* спагетти;


Дайындау сатысы:
Қазанды отқа қойып, өсімдік майын құямыз. Фаршты шамамен 10 минуттай қуырамыз:



Осы аралықта көкөністерді аршып, тазартып, пияз бен сарымсақты майдалап, сәбізді ірі көзді үккіштен өткіземіз. Қалғандарын ұзынша етіп тураймыз:



Сарымсақ пен пиязды саламыз, араластырып 5 минут қуырамыз. Сәбізді салып араластырып, артынша болгар бұрышы мен қызанақты саламыз 5 минут бұқтырамыз:




Бетін жабатындай етіп су құямыз да, 5 минутқа қайнатып қоямыз:


Спагеттиді жартылай ғана, пісуге жеткізбей түсіріп аламыз, салқын сумен шаямыз:


Дайын спагеттиді қазанға салып, араластырып бір «бұрқ» еткізіп (2-3 мин) қайнаған соң оттан түсіреміз:


Қиялыңызға ерік беріп, аскөктеп, сәндеп, мәндеп дастарханға ұсына берсеңіз болады:



Ас болсын!

3 пікір

avatar
Мммм, маған анааау фарш пен көкөністерді қуырып жеген де ұнайдыыы :))) Супер!
avatar
негізі жемегееен, түрін көрмегеееен тамақтар өте көп екен)), сол ніәрслер қазір де, кейін де көп болатын секілді. Адамның қиялымен шығааа береді, шыға береді)) Сондықтан бізді әлі талаааай қызықтар күтіп тұр))