avatar

Қызылшадан салқын көже (Холодник)
Жарияланды Диеталық мәзір


Жасалуы оңай, пайлады, шөл басатын салқын, дәмді сусын деуге келетін тағам түрімен таныс бола отырыңыз. Әдетте бұл салқын көжеге мен ұсынған өнімдерден бөлек пісірілген картоп, сәбіз, ет, жұмыртқа салынады. Ал, сіз қалауыңызша өзгертуге, һәм өзіңізге ұнаған өнімдермен жасауға мүмкіндігіңіз мол. Сонымен…

Құрамы:
*қызылша — 1 кг.;
*қияр — 500 гр.;
*айран немесе кефир — 1 л.;
*көк пияз — 20гр.;
*аскөк;
*шекер — 3 ас қасық;
*тұз — 1 ас қасық;
*қайнатылып, суытылған су — 2,5-3 л.;
*жұмыртқа — қалауыңызша;

Дайындалу жолы:
Қызылша мен жұмыртқаны пісіріп аласыз. Қайнап, суытылған суға айранды қосып, жақсылап араластырасыз. Оның сұйық, яки қою болуы өзіңіздің қалауыңыз бойынша:


Айранмен араласқан суға қызылшаны үккіштен өткізіп, болмаса ұзынша етіп турап саламыз. Қызылша қышқылдығымен сәкес келуі үшін 3 ас қасық шекер, 1 ас қасық тұз саламыз. Қиярды майдалап турап:


Сусынға саламыз:


Көк пияз (кәдімгі пияз да жарай береді) бен аскөкті (укроп) майдалап турап саламыз:


Жақсылап араластырып, салқын жерге (тоңазытқышқа, мысалы) қойып қойыңыз. Ұсынбас бұрын піскен жұмыртқаның жарты бөлігі мен қаймақ қосып ұсынсаңыз болады:

Айтпақшы, шекерді қалауыңызша молайтуға немесе мүлде салмауыңызға болады, сондай-ақ айран, суды да өз мөлшеріңіз бойынша өзгерте аласыз.

Ас болсын!

Пы/сы: Рамазан айында ораза ұстаған болсаңыз, денсаулығыңыз үшін пайдалы екенін айта кеткім келеді. Қабыл болсын!

1 пікірлер

avatar
Керемет ғой иа, елестетіп отырмын, мұздай етіп ішіп отқанымды :)) Қолың дерт көрмесін, суреттері де мәзірдің өзі де зор, күшті))