avatar

Дәруменге бай кептірілген жемістер жиынтығы
Жарияланды Диеталық мәзір

Қайырлы күн, қымбатты достар!

Сіздермен бүгін пайдалы мәзірмен бөліскім келіп отыр. Ол сіздің иммунитетіңізді нығайтуға көмектеседі. Кепкен жемістерден жасалынған қоймалжың — грек жаңғағы, кепкен өрік, мейіз, әсел мен лимон жиынтығы. Негізгі құраы осы болғанымен сіз өз қалауыңызша құрамын өзгеруіңізге болады немесе барымен базар.

Қасиетті Рамазан айында сәресіге екі шәй қасықтан қабылдап отырсаңыз күні бойы аштық сезімін білдірмейтін осынау пайдалы мәзірдің пайдасына кішкене тоқтала кетсем:

Кепкен өріктің құрамында көп мөлшерде магний, кальций, калии, темір, В5 дәрумені, органикалық қышқыл бар, ол сіздің ағзаңыздағы ауыр металлдардың сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жүрек аурулары, анемия, көз ауруларына көмектесіп қана қоймай иммунитетіңізді жоғарылатады, ісіктің алдын алып, қан айналымын қалыпқа келтіреді, тері шаш үшін де таптырмайтын пайда көзіне ие.

Мейіз энергия көзі болып табылады. Оның құрамында: калий, темір, марганец, магний, тиамин, В1, В2, В5 дәрумендері бар. Мейіз нерв пен жүрек-қан тамырларына пайдалы, сонымен қатар бүйрек, бауыр, асқазан қыжылына, тіс етіне орасан көмегін тигізеді.

Грек жаңғағы — жаңғақтардың ішіндегі ең пайдалысы. Оның құрамында ағзаға пайдалы дәрумендер көптеп кездеседі. Жүрек, рау ауруларын болдырмайтын қасиетке ие.

Мен ұсынған дәрумендер жиынтығының құрамына:
Кептірілген өрік, мейіз, жержаңғақ, кешью, миндаль, әсел енеді. Мөлшері қалауыңз бойынша, қай жемісті көбірек ұнатсаңыз сол жемісті молынан салуыңызға рұқсат:


Өрік пен мейізді, мүмкін болса бәрін жуып алғаныңыз дұрыс:


Араластырып тастаңыз)))


Сөйтіңіз де, еттартқыштан өткізіп алыңыз:


Табиғи әсел болса қатып кетуші еді, болмаса дүкеннің де әселі жарай береді:


Бір құтысында 300 гр әсел болады екен, түгелімен құйдым:


Жақсылап араластырып, ыдысқа салып, мұқият жауып, тоңазытқышқа жөнелтіңіз. Дайын дәрумен жиынтығы:



Рамазан айында емес, жыл бойына тұтынсаңыз құба-құп. Әсіресе қыс айларында өте пайдалы, тіпті суықтаудың не екенін ұмытатыныңызға бек сенімдімін.
Аллаһ сіздерге мықты денсаулықты нәсіп етсін. Ауырмаңыздар!

3 пікір

avatar
Бұл маған ұнааааааайды!!! Супер! :) Біз грек жаңғағын балмен араластырып жейміз, күшТ болады.
avatar
Мейілінше табиғи балды пайдаланған жөн))