avatar

Мәзір: Спагетти
Жарияланды Бірінші ас

Спагетти (итал. Spaghetti) — диаметрі 2 мм болатын дөңгелек қималы, ұзындығы 15 см болатын макарон өнімдерінің бір түрі. Спагетти отаны — Италия және бұл елде спагетти көбіне томат соусымен бірге ұсынылады. Бүгінгі ұсынбақ мәзіріміз жылдам дайындалуымен әрі дәмділігімен ерекше.


Құрамы:
  • Спагетти
  • Ет
  • Көкөністер (сәбіз, жуа, шалғам, қызанақ, бұрыш)
  • Тұз, сарымсақ, аскөк

Дайындалуы:
Үлкен ыдыста су қайнатып, спагеттиді пісіреміз.


Ыстық майда майдалап туралған етті қуырамыз, тұздауды ұмытпаған жөн.


Ет аздап қуырылғанда сәбіз бен шалғамды турап саламыз.


Оның үстіне жуа, қызанақ не томат пастасын және бұрыш турап, жақсылап араластырып қуырамыз.


Бұл уақытта спагетти де пісіп үлгереді. Спагеттиді қайнату кезінде асты жабысып қалмау үшін жиі-жиі араластырып қою керек. Спагеттиді ыстық судан сүзіп алып, сәл суыған соң ұсақтап туралған аскөкпен араластырамыз.


Қазандағы қуырылған ет пен көкөністердің үстіне аздаған ыстық су құйып, бұқтырамыз. Сонда бізде мынадай соус шығады.


Спагетти мен соусты ұсақтап туралған сарымсақты қоса отырып араластырамыз. Тағам дайын, сәндеп дастарханға ұсынамыз. Ас болсын!

7 пікірлер

avatar
соус жағын ойластырсаң шын спагетти болу үшін. Томвт, дженовез базилик, крем соус біреусі
avatar
Осындай ұнайды, сосын дәмдеуіштер сияқты дүниелерді қоссақ жемей қояды үйдегілер :)
avatar
Рахмет, керемет, жаңа нәрсе білдім. Суреттері де жазғандарың да ұнады бар ғо. Анау асмәзірі деп жазылған шрифтте ұнады)) аты қандай? енді есте болғай, сәті келгенде көрсең жақсы болар еді
avatar
Ғажап! Суреттерге же, жазу сьильіңе де сындым. )))
avatar
Ұялымен жазам деп қате жіберіп жатырмын, мән бермеңдер)))
avatar
Сіз ұялысыз да былай нешауа жазып қоясыз, үйреніп кеттік
avatar
Жекеге шықшы)))