avatar

Тауық сорпа
Жарияланды Бірінші ас

Тауық сорпаны білмейтін, татып көрмеген адам кем де кем шығар. Сәл суық тиіп, шамалдап қалсаңыз аналарыңыз, әжелеріңіз «айналайындап» ұсынатын кәнігі тауық сорпа бұл.))
Мәзірге керек өнімдер: Тауық (әлде қораз?) еті, пияз — 2 дана, сәбіз — 3 дана, картоп — 5 дана, тұз, аскөк.

Дайындау жолы:
Тауық етін кастрюлге салып, үстінен суық су құйыңыз, отқа қойыңыз. Міндетті түрде суық су құйған дұрыс, жылы немесе ыстық су құйсаңыз еттің дәмі өзінде қалып қояды да сорпаға шықпайды. Қатты қайнауға жеткізбей, бетіндегі көбігін сүзіп ала отырып, жәй бүлкілге салып, тұз қосып 20-25 минут шамасында қайнатыңыз:

Осы аралықта картоп пен сәбізді аршып, тазартып, тураңыз:


Пиязды аршып, бүтіндей сорпаға салу керек, дәмі шығуы үшін:

5-10 минуттан кейін сәбіз бен картопты саламыз:


10-15 минуттан кейін тауық етін сүзіп аламыз:

Және оны тураймыз:

Пиязды сүзіп алып тастау керек:

Етті қайта салып 5 минуттай қайнатамыз:

Тауық сорпамыз дайын:

Аскөк салып, пиязды майда етіп турап, ыстықтай ішіп алсаңыз дертіңізге дауа:

Ас болсын!

5 пікірлер

avatar
сәбіз әдемі боп тұр :)
avatar
тәбетті ашады))
avatar
Спецтер қоспайДкенсің, иә, біраз мәзірден байқадым соны.
avatar
аха, тауық сорпаның өзіндік керемет дәмі бар ғой еш қоспасыз))