Лағман
Жарияланды
Бірінші ас
Қайырлы кеш, жолдастар!
Лағман — дүнген халқының ұлттық тағамы екені баршамызға аян. Тағам дәмділігімен танымал болғаны соншалық, бұл күнде қырғыз, өзбек, қазақ асханасынан жиі ұшыратуға болады. Сонымен, кеттік… Лағаманда ең бастысы — қолдан жасалынған лапша. Қолдан дайындалған лапшаны мен Астанада жүріп көргенмін, біраз ұққанымды сурет арқылы сөйлептіп көрейін:


Мұнда қамырды тұзды суға илеп аласыз да, әбден илеуі қанған соң пищевой пленкамен мұқият орап, тоңазытқышқа 3-4 сағатқа қойып қоясыз. Одан кейін алдын ала шығарып, бөліктерге бөліп, айлап созбақтайсыз. Жасалуы әжептеуір уақыт алатын болғандықтан дүкеннен дайын лапша пайдаланған тиімдірек:


Сонымен, бізге керек өнімдер: Спагетти (лапша) 3 орташа картоп орамжапырақ сәбіз — 2 пияз — 2 сарымсақ — 1 тіс қызанақ (томат пастасымен алмастыра аласыз) редька (немесе редиска) болгар бұрышы — 3 тауық еті (сиыр, қой) — 0,5 кг өсімдік майы аскөктер, дәмдеуіштер, тұз
Тауық етін 2х2 етіп тураймыз:
Кастрюлге (қазанға) өсімдік майын құйып, пиязды қуырамыз. Одан кейін етті салып, 5-10 минут шамасында қуырамыз:

Үстінен 1 стакан қайнаған су құйып, орташа отта бетін жауып, 5-7 минут бұқтырып қоямыз. Ол уақыт аралығында көкөністерді тазартып, турап аламыз: 

Енді бірінші мәрте тұздаймыз, (өзім қуыру барысында тұздағанды жөн санаймын) қызанақ салып, тағы 5 минут қуырамыз:
Ары қарай көкөністерді салып, жақсылап араластырып 6-7 минутқа қалдырамыз:


Одан кейін картоп:
Енді бетіне су құямыз. Құйылған су тағам бетін толық жауып, екі елі асқаны дұрыс:
Дәмдеуіштер, дәміне қарай тұз, бұрыш салып, отты пәсейтіп (қатты қайнап кетпесін), бетін жауып жарты сағатқа қалдырамыз. Аскөк пен сарымсақты турап, дайындап қоямыз. Бұларды пісуге жақындағанда 5 минут бұрын салып жібересіз. Қалауыңызша ащы келімдәрі салуыңызға болады:

Ыдысқа дайын лапшадан салып үстінен лағманымызды құямыз. Аскөктермен сәндеп, ыстықтай ұсына берсеңіз болады:

Ас болсын!
Пы/сы: Сіздің нұсқадағы лағман қандай, дос? )) Бөлісе отырыңыз.






Сонымен, бізге керек өнімдер: Спагетти (лапша) 3 орташа картоп орамжапырақ сәбіз — 2 пияз — 2 сарымсақ — 1 тіс қызанақ (томат пастасымен алмастыра аласыз) редька (немесе редиска) болгар бұрышы — 3 тауық еті (сиыр, қой) — 0,5 кг өсімдік майы аскөктер, дәмдеуіштер, тұз










Одан кейін картоп:



Ыдысқа дайын лапшадан салып үстінен лағманымызды құямыз. Аскөктермен сәндеп, ыстықтай ұсына берсеңіз болады:



10 пікірлер
П.С. Мені ойыңнан шығармайтының үшін жақсы көрем сені, расымен!
П.С.С. Прогер мырзаларыңызға айтасыз ба, жаңа пікірлерді бөлек түспен ба ерекшелеп қоятындай етсе екен. Әйтпесе қай пікір қашанғы екені белгісіз боп тұраДдачы.
джәніі