avatar

Қайнатпа сорпа
Жарияланды Бірінші ас

Сәлем бердік!
Сорпа — ежелгі тағам түрі. Біздің заманымызға дейінгі өмір сүрген тайпалар ең алғаш сорпаны бегемот еті немесе кез келген басқа мақұлықтың сүйегін қайнату арқылы жасаған екен. Тек қайнатуды білетін олар үшін сорпа тез дайындалатын тағам мәзіріне кірген. Ал бізге соноу француз елі арқылы танымал. Бүгінгі мәзірге қойдың етінен жасалынған сорпа — дерке дауа! ))
Бізге керек өнімдер: 1. Қой омыртқасы; 2. 6-7 орташа картоп; 3. 3 бас пияз; 4. Сәбіз 1 дана; 5. 2 қызанақ; 6. дәміне қарай тұз; 7. аскөк;
Еттін тазалап жуып алып, кастрюлдегі суық суға салыңыз. Бетін жауып отқа қойыңыз. Кез-келген етті қайнатарда міндетті түрде суық суға салыңыз, ыстық суға салынған еттің дәмі өз бойында қалып, сорпаға шықпай қалады:

Етті қатты қайнатуға жеткізбей, астын пәсейтіңіз. Сәлден кейін бетінде пайда болған көбіктерін сүзіп алып тастаңыз: Картоп, сәбіз, пиязды аршып, тазартыңыз. Пиязды ет бетіндегі көбіктерін сүзіп алғаннанк кейін-ақ турамастан, бүтіндей саласыз. Ал қалған көкөністерді ет пісуге айналғанда саласыз (35 мин):


Көкөністер піскенше бетін жауып жәй бүлкілмен қайнатамыз:

Бүтін салған пияздарды алып тастаймыз:
Енді қызанақтарды майдалап турап саласыз да, 5-10 минут шамасында бұқтырып қоясыз. Дәміне қарай тұздаймыз:

Аскөктермен сәндеп, дастарханға ыстықтай ұсыныңыз:

Асыңыз дәмді болсын!

8 пікірлер

avatar
маған ұнайды осы сорпа, біздің үйдің дәстүрлі сорпасы))) Бұл тағы өте пайдалы, қуырылып жасалғандарға қарағанда)
avatar
ого, айтпа)) мынадай суықта таптырмайтын тағам ғой, мағанда ұнайды ыстықтай сораптап алсаң
avatar
Маммааа, дәу-дәу сәбіздееер мен жуалааардан қорқамын((: А так, джынДы мәзір ғой.
avatar
Меним ен жаксы коретин жане ен коп жейтин тамагым))) жане пайдалы! Коспа майсыз))) Азказанга ауыртпалык самайды ;)
avatar
ең алғаш сорпаны бегемот еті немесе кез келген басқа мақұлықтың сүйегін қайнату арқылы
мә, сорпаға деген тәбетімді қайтарып тастады мына сөз :))))))))))). Бірақ, дайындалу технологиясы ұнады.
avatar
))) Қазір қалған ғой олар)