avatar

Қой еті қосылған ноқат сорпасы
Жарияланды Бірінші ас

Ноқат — бұршақ тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Оны тағам ретінде кеңінен қолданады. Әсіресе, вегетариандық ас мәзірінде ноқат жетекші орын алады. Кондитер өндірісіне де пайдаланады.
Сонымен, бүгінгі мәзіріміз қой еті қосылған ноқат сорпасы кешкі ас мәзірі.
Қой еті қосылған ноқат сорпаасы үшін:
1 стақан құрғақ ноқат 600 г қой еті 3 картоп 1 сәбіз 3 тіс сарымсақ 1 ащы келімдәрі 1 ас қасық қызыл бұрыш дәміне қарай тұз аскөктер.
*
*
*
*
*
*
*
*
*
Ноқатты алдын ала 8-12 сағатқа суық суға қалдырамыз да, одан кейін суын төгіп тастаймыз:

Қой етін артық май, сүйектерінен тазартып, орташа кубиктерге тураймыз. 2 литр су құйып отқа қоямыз да, көбіктерінен тазартып, орташа отта 30 минут қайнамыз. Еттің үстінен ноқаттарды салып, 45-50 минут қайнатамыз. Ноқат қайнап жатқанда көкөністерді тазартып, ұзынынан тураймыз:

Сәбіз, картоп, сарымсақты 4-5 минут майға қуырып аламыз:

Сорпаға саламыз:

Дәміне қарай тұз, ащы бұрыштарды салып 10 минут қайнату керек. Сорпа бетіне аскөктерді майдалап турап, саламыз да оттан түсіреміз. 10-15 минут шамасында бетін жауып қоямыз. Пісті ғой, Ә! =)

Дастарханға ұсына берсеңіз болады:

Асыңыз дәмді болсын!
Пы/сы: Мәзірдің жасалу жолы мына жерден алынды. ))

9 пікірлер

avatar
Сурет сапасы өзіме ұнады =))
avatar
)) біреу постыңа пікір қалдырса қуантатын екен, тезірек жарияға салсақ қой
avatar
«Ноқат» дейді?! Ыхаха-хаха :))) ол не тағы?
П.С. сайттың аудармаларында «сұмдық» қателіктер кеткен, тіпті еріксіз күлдіретін сөздер де бар. Ең қарапайымы — «Алдын-ала көру» дегеннің өзі дұрыс жазылмаған ғой, бәрі бас әріппен бастап қойылған. Жөндеу керек, көөөп жөндеу.
avatar
Ие, біз жақта солай атайды, аударғам жоқ тіпті. Ал сайттағы қателер ретке келтіріледі, көбі тестілеу үшін уақытша қойылған. Қате-мате дегендер алдағы уақытта түзуленіп, содан кейін барып сайт жарияға түседі. Уайымдамаңыз! =))
avatar
Жоқ, не зат ол, айтшиш :))
avatar
Жоғарыдан санағанда екінші сүгіретте тұр ғҰә, наурыз көжеге де қосады оны)
avatar
Наурыз көжеге?! Сенен алғаш естуім, көжеге қосқанынесиии? Андай не ма… андай ше, түүүй бір анау, а иә, горох деуші ме еді? Сол ма?
avatar
иә! дәл өзі! ))
avatar
Үййй, солай жазып қойшы орысшасын жақшаға, әйтпесе «ноқат» деп басқа мағынада түсініп қалам ше :)))