avatar

Балдыркөк қосылған дәруменді сорпа
Жарияланды Бірінші ас

Балдыркөк (сельдерей) адам ағзасына өте пайдалы. Асқа оның тамыры да, сабағы да, жапырағы да қолданылады. Бүгінгі мәзірде біз сабағы мен жапырағын қолданамыз. Тағы болгар бұрышы және басқа да аскөк бар құрамында. Соның арқасында өтие пайдалы, дәрумені көп және дәмді сорпа болады.

Сонымен дайындалу тәсілі өте оңай, бірақ дәрумендерге өте бай көкөністі сорпа дайындаймыз.

Құрамы:

Ет — шамамен 1 кг.
Пияз — 1 дана (кішірек)
Сәбіз — 1 дана
Жұмыртқа — 2 дана
Болгар бұрышы (әр түсінен) — 200 гр.
Балдыркөк — Сабағы мен жапырақтары
Ақжелкен

Дайындалу тәсілі:

Алдымен етті 3 л. суға пісіріп аламыз.
Сорпа дайын болғаннан кейін алдымен сәбізді саламыз. Бәрінен қаттырағы осы, сондықтан көбірек піседі. Сәбіз пісейін деп қал, анда, болгар бұрышын саламыз. 1-2 минут қайнағаннан кейін. Балдыркөк сабақтарын турап саламыз.

Бөлек ыдысқа 2 жұмыртқаны жарып, ағы мен сарысы араласқанша шанышқымен араластырамыз.

Жұмыртқаны сорпаға сорпаны шанышқымен араластырып тұрып құямыз. Жұмыртқа жіпше сияқты болып тұру керек, сорпаның ішінде. Араластырмай құя салсақ жұмыртқа біртүйір болып қалады.

Жұмыртқа піскеннен кейін отты өшіреміз. Сорпамыз дайын.

Дәруменді сорпа

Дастарханға ұсынғанда үстінен ақжелкен және балдыркөкжапрақтарын себеміз.

Астарыңыз дәмді болсын!!!

0 пікірлер