avatar

Мәзір: Super food
Жарияланды Бірінші ас

Бүгінгі мәзірдің атауын «Super food» деп қойдым. Бұл тағамды «Ассорти» деген атаумен де осыған ұқсас шамада әзірлейді. Ал, мұны біз үй ішінде «Супер» тамақ деп атап кеткенбіз, себебі ең алғаш рет анам әзірлегенде дәмділігі мен түр-сипатына қарап «Ммм, супер!» деп тамсанған болатынбыз. :) Сол себепті де әлі күнге дейін «Супер» тамақ деп айтып жүрміз. Расында да, атауына сай мәзір, жеңіл, көрнекті әрі тез дайындалады.

Мәзір негізінен үйде бар азық-түліктен не болмаса қалағаныңызды қосып дайындауға ыңғайлы. Сол себепті арнайы бір реттілігі де жоқ. Өз нұсқамды ұсынбақпын…

Құрамы:
  • 4-5 дана картоп;
  • 1-1,5 кесе қарақұмық
  • 2 дана сәбіз;
  • котлет;
  • қырыққабат пен жуа;
  • тұз, бұрыш, сірке суы;
  • қызанақ, тұздалған қияр.

Дайындалуы:
Картопты аршып, жуып тазалап, тұзды суға пісіреміз. Бұл бізде пюре болады. Қарақұмықты бір жуып алып, оны да суда пісіріп аламыз. Оған дейін сәбізді ұзын әрі жіңішкелеп турап (арнайы құралмен), оған аздап жіңішкелеп туралған қырыққабат қосамыз. Тұз, бұрышпен дәмін келтіріп, қалауыңызша ұсақталған сарымсақ та қосып, кішкене ғана сірке суынан тамызамыз. 5-6 минутқа бетін жауып қойып, кейін сұйық маймен араластырып салат дайындаймыз. Ендігі кезек котлетте: дайын котлет алып қуыруға да болады, бірақ мен ет тартып үй жағдайында жасалған фарштан котлет дайындағанды жөн санаймын. Фаршқа аздап нан қосып, тұздап, бұрыштап ыстық майда ұнға аунатып қуырамыз. Соңында пюренің үстіне қажетті тұздықты жуа мен сәбізді қуырып, оған қызанақ қосып, дәмдеуіштермен жәмін келтіріп аламыз.


Соңғы жұмыстар: тәрелкеге әдемілеп қойып, пюрені тау секілді ал оның үстіне құйылатын тұздықты вулкан іспетті орналастырамыз. Қалғаны фантазияға қарай жасала береді. Тағам дайын, ас болсын!

2 пікір

avatar
Как раз қарным ачеееп отыр((( Жақсы көрем осындай мәзір түрін.
avatar
ка жұмыстамын(9:32), ой қарным одан сайын шұрылдағанын ай :-)) бірнәрсе алдыртамын ау түстікке дейін))
Сосын мынау сіздің қиялыңыз ғо енді)) өзімізге қатты қиялмен істеуге ынта жоқ иа?)), дұрысы әртүрлі түрде қонақтарда еткен дұрыс ақ, қазірдің өзінде көз алдыма елестеп тұр бірнешесі))
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!