avatar

Мәзір: Қуырылған балық
Жарияланды Бірінші ас

Мәзірлердің ішінде балықтың орны ерекше, себебі балық ең алдымен адам миының жұмысына өте пайдалы. Балықтан сорпа дайындауға немесе қуырып гарнирмен ұсынуға, тіпті ет асқандай балықты да асып қамырмен беруге болады. Кей жағдайларда балықтың сүйегі майда болса, оны ет тартқыштан өткізіп жіберіп котлет те дайындауға болады. Ал бүгін, балықты қуырып, оған гарнир ретінде картопты алдым.

Қажетті заттар:
  • балық;
  • 4-5 дана картоп (адам санына қарай);
  • сәбіз бен жуа;
  • ұн, тұз, қызанақ не томат.

Бұл мәзірге алынған балық шағындау болғандықтан оны бірнеше бөлікке бөлмей-ақ, тұтас қуыруды жөн санадым. Балықтың қабығын аршып, жақсылап тазалап, тұзын сіңдіріп қоямыз.


Ыстық майда ұнға сәл аунатып балықтың алдымен бір жағын қуырып аламыз.


Содан соң екінші жағын қызартып қуырамыз. Дайын болғаннан кейін қуырған табамыздың бетін жауып, бұқтырамыз.


Оған дейін гарнирді дайындаймыз, гарнир ретінде қуырылған (сулылау) картопты алдым. Бар болғаны сәбіз бен жуаны, сосын картоп пен қызанақты қосып, тұзбен дәмін келтірдім.


Картопты да сәл бұқтырамыз, піскен соң ыдысқа саламыз.


Қуырылған балық та дайын, картоппен бірге ұсынамыз. Ас болсын! :)

5 пікірлер

avatar
Төһ! Мен балықты бөлшектеп тастап қуырады екенмін, мына түрі қызық көрініп тұр.
Миға пайдалы
бұқақақақ
avatar
рас ғо :-), иә мен де ілмектер арасынан көргенімде күліп жібердім )). ММәдес, күшті мәзір. Бұрындары жейтінбіз, негізі басқаша атауы «балықтан уха» емес па иа?
avatar
Сонда қазір мүлде жемейтін болдыңыздар ма?
avatar
ыңыз ба деп қояд)) Иә, жемегелі біраз болды, бұрындары ескі шілік деген ауылда жиі жеген күндер болған, өзіміз ұстаған балыққа жасап.
avatar
Күлгенінес и, сауат ашып келіңіз барып :)))